2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Ақмола облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 5С-8-2 шешімі
(2013.06.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 17 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 8 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 23 қарашадағы Заңы негізінде, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Ақмола облыстық мәслихатының 2013.13.02. № 5С-10-2 шешімімен (бұр.ред.қара); 2013.11.04. № 5С-12-2 шешімімен (бұр.ред.қара); 2013.20.06. № 5С-14-4 шешімімен (бұр.ред.қара); 2013.06.07. № 5С-15-6 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2013 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 122 400 754,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 13 589 360,2 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 848 187,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 2 506,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 107 960 701,6 мың теңге;
2) шығындар - 123 610 047,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 1 771 234,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 2 365 386,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 594 152,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицит) - -2 980 526,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 2 980 526,2 мың теңге.
2. Облыстық бюджетке, аудандар және Көкшетау мен Степногорск қалаларының бюджеттеріне кірістерді бөлудің нормативтері келесі мөлшерде белгіленсін:
1) облыстық бюджетке төлем көзінен ұсталатын табыстан жеке табыс салығы бойынша - 100%;
2) облыстық бюджетке төлем көзінен салынатын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы - 100%;